Сұрақтарыңызды қойыңыздар, біз қуана-қуана жауап береміз:
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Жүйедегі ақпарат қалай жиі жаңартылады?
Жүйеде деректер вагондарды регламенттелген бақылау кезінде тәулігіне 2 рет жаңартылады. Бірінші рет Мәскеу уақыты бойынша таңертеңгі сағат 7:30-9:00. Екінші рет Мәскеу уақыты бойынша 14:00-15:00.
Жүйеде деректер вагондарды оперативтік бақылау кезінде 5-10 минут ішінде жаңартылады.
2. Регламенттелген бақылау деген не?
Бұл – вагонды жөнелту станциясынан бастап тағайындалған станцияға дейін бақылау, жүйеге вагонның тұрған жері туралы деректер жүйелі түрде вагон тағайындалған станцияға келген сәтке дейін тәулігіне екі рет түсіп тұрады.
3. Вагонды оперативтік бақылау деген не?
Бұл – вагонның дислокациясын анықтау туралы бір реттік сұрау салу. Бұндай сұрау салу бойынша ақпарат өте жылдам 5-10 минуттың ішінде келіп түседі.
4. Сіздер Вагон туралы қандай деректерді бересіздер?
Ақырғы тұрған жерінің күні:
Қазіргі тұрған жері:  
Операцияның коды мен оның мағынасын ашу:  
Пойыз индексі:  
Жылжымалы құрамның жағдайы: тиеулі немесе бос
Вагонның келуін болжау
Тағайындалған станцияға дейінгі қашықтық:
5. Қалай тіркелуге және жүйені пайдалануды бастауға болады?
Жүйемен жұмыс істеу үшін шарт жасасу қажет.
Бұл үшін Өзіңіздің реквизиттеріңізді  info@railwagonlocation.com e-mail бойынша жіберуіңізді сұраймыз:
Сіздің фирмаңыздың атауы
Тіркеу нөмірі
Салық төлеушінің нөмірі
ҚҚС төлеушінің нөмірі (айырмашылық болса)
Шартқа кім қол қояды
Ненің негізінде (жарғы, сенімхат, шарт, бұйрық)
Сайттың мекен-жайы
Заңды мекен-жай
Пошталық мекен-жай
Банк атауы
Шот нөмірі
SWIFT код
Банк корреспондентінің атауы
Банк корреспонденті шотының нөмірі
Байланыс тұлғасы: Аты, Тегі, Әкесінің аты
Байланыс телефоны
Факс
Байланыс e-mail
Лауазымы
Пайдаланушының қалаған есімі (login) (міндетті емес)
6. Сіздер жеке тұлғалармен жұмыс істейсіздер ме?
Иә, жұмыс істейміз. Жеке тұлғалар мына реквизиттерді көрсетуі қажет:
Тегі, Аты, Әкесінің аты
Жеке код
Төлқұжат көшірмесі
Сайттың мекен-жайы
Пошталық мекен-жай
Банк атауы
Шот нөмірі
SWIFT код
Банк корреспондентінің атауы
Банк корреспонденті шотының нөмірі
Байланыс телефоны
Факс
Байланыс e-mail
Пайдаланушының қалаған есімі (login) (міндетті емес) \
7. Жүйені пайдаланғаны үшін айлық төлемі қандай?
Сіз жүйені пайдаланғаны үшін төлем алмаймыз, нақты көрсетілген қызметтерге ғана.
8. Сіздер төлемнің қандай түрлерін қабылдайсыздар?
Қазіргі уақытта төлемнің келесі түрлері қолжетімді:
Банк аударымы
Yandex Money
Лидер төлем жүйесі
MoneyGram
WebMoney
Төлем карточкалары (VISA/Mastercard)
9. Сіздер контейнерлерді бақылайсыздар ма?
Иә, біз контейнерлердің дилокациясын анықтауды жүзеге асырамыз. Кейбір жағдайларда, мысалы, Балтық елдерінде контейнерлерді бақылау мүмкін емес, сондықтан біз контейнер орналасқан платформаның нөмірін бақылаймыз. Контейнердің дислокациясын анықтау үшін контейнердің толық нөмірі әріп алды қосымшасымен бірге көрсетілу қажет.
10. Сіздердің баға саясатыңыз ай бойы бақыланған вагондардың санына байланысты немесе жоқ па?
Иә, байланысты. Сіз бір айдың ішінде неғұрлым көп вагонды бақыласаңыз, соғұрлым қызмет Сіз үшін арзанырақ болады.
11. Маған жүйеңізде кейбір функциялар жеткіліксіз болып тұр. Сіздер көмектесе аласыздар ма?
Жүйенің бағдарламалануын өз бетімізбен жүзеге асырамыз, сондықтан Сіздің сұрау салуларыңыздың барлығын дерлік орындаймыз. Сұрау салуыңызды info@railwagonlocation.com эл. поштасы бойынша немесе +371 29411144 телефоны бойынша жазуыңызға болады.
12. Мен станциялардың тізімінен станцияның атауын таба алмадым. Не істеуім керек?
Бізге станцияңыздың атауын көрсетіп, info@railwagonlocation.com эл. поштасы бойынша хат жазыңыз. Біз оны жүйеге қосамыз.
13. Сіздің жүйеңіздегі деректерді өз сайтыма алуыма бола ма?
Иә, бұл үшін info@railwagonlocation.com эл. поштасы бойынша жазыңыз, ал біз Сізге базаға қолжеткізуді ашамыз.
14. Бізге вагондарды әкімшіліктендіру жөніндегі жүйені әзірлеп бере аласыздар ма?
Иә, болады. Деталдарды талқылау үшін info@railwagonlocation.com эл. поштасы бойынша немесе +371 29411144 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймын.
15. Айналым бақылауы деген не?
Бұл – негізінде вагонды регламенттелген бақылаудың түрі. Бір ғана айырмашылығы, вагон тағайындалған станцияға жетсе, оны қолмен бақылауға қою керек емес.
16. Мерекеде жұмыс істейсіздер ме?
Біз күн сайын демалыссыз Мәскеу уақыты бойынша сағат 9-дан 19:00-ге дейін жұмыс істейміз. Жүйедегі деректер тұрақты түрде жаңартылады. Сіз вагонды бақылауға түнде қойсаңыз да, таңертең жаңа деректер аласыз. Шұғыл бақылау (оперативтік) үшін деректер 5-10 минуттан кейін болады.
17. Тестілік қолжеткізуді алуға бола ма?
Иә, болады. Бұл үшін info@railwagonlocation.com эл. поштасы бойынша жазыңыз, ал біз Сізге тестілік шот жасап береміз.
18. Вагонды бақылауға қосу қалай болады?
Бұл үшін Сіз www.railwagonlocation.com порталында қуаттаудан өтуіңіз, «Вагонды бақылауға қосу» бөліміне кіріп, вагонның нөмірін, жөнелту станциясы мен тағайындалған станцияны енгізіп, «Қосу» батырмасын басуыңыз қажет. Осыдан кейін вагон дислокацияны анықтауға қосылған болып саналады.
19. Сіздерге вагонның дилокацияны анықтауға дұрыс қойылғандығын растауыңызды сұрап, қоңырау соғуымыз қажет пе?
Жоқ, керек емес. Егер Сіздің қойған вагоныңыз тізімде тұрса, басқа нәрсе жасаудың керегі жоқ.
20. Біздің вагондарымыз көп. Сіздерге барлық вагонды өздеріңіздің қосуыңыз үшін тізімді жіберуімізге бола ма?
Иә, тізімді «Бақылауға қою» белгісімен info@railwagonlocation.com эл. поштасына жіберіңіз. Әрине, Сізге бұл үшін бізбен шарт жасасу керек.
21. Вагонның дислокациясын дереу білуіміз қажет. Маған көмектесе аласыз ба?
Иә, «дислокацияны шұғыл анықтау» бөліміне кіріп, вагонды қосыңыз. Вагон бойынша соңғы деректер 5-10 минуттан кейін белгілі болады.
22. Неге вагонның қазіргі тұрған жері ағымдағы күнмен сәйкеспейді?
Бұл жиекте вагонмен жасалған операцияның соңғы күні көрсетілді. Оның ағымдағы күннен, әсіресе, вагон станцияның кірме жолдарында тұрса, айырмашылығы болады. Вагонның дәл тұрған жерін нақтылау үшін info@railwagonlocation.com эл. поштасы бойынша жазсаңыз, біз вагонның қайда екендігі туралы толығырақ ақпаратты біліп береміз.  
23. Вагон мен контейнердің дислокациясын анықтау қанша тұрады?
Бұл ақпарат жабық болып табылады және әрбір клиент үшін бақыланатын вагондардың санына қарай жеке белгіленеді.
24. Біз ай бойы дислокацияны анықтауға вагондарды Сіздердің берген шотыңыздан көп қойғанбыз. Неге?
Біз вагонға тағайындалған станцияға келген кезде баға белгілейміз. Бұған дейін Сіздің шотыңыздан ақша алынбайды. Сіздің өткен айда жеткізген және тағайындалған станцияға осы айда келген вагондарыңыз үшін шотты келесі айда аласыз.
25. Біздің серіктестеріміз шетелде. Олар Excel есеп беруінде орыс әріптерін көрмейді. Не істеуіміз керек?
Бұл үшін орыс әріптерін латынға ауыстыруға транслитерацияны қолдану арқылы Excel файлға экспорт жасалды.
26. Біз жөнелту станциясын да, тағайындалған станцияны да білмейміз. Вагонның тұрған жерін қалай білуімізге болады?
Иә, болады. Бұны оперативтік бақылау көмегімен жасауға болады. Вильнюсті жөнелту станциясы, ал тағайындалған станцияға Минскіні көрсетіңіз.
27. Вагондардың тұрған жері туралы сұрау салуға жауап қандай түрде келеді?
Бүкіл жұмыс www.railwagonlocation.com порталының ішінде болады. Қуаттаудан кейін Сіз вагонды дислокацияны анықтауға қоясыз. Жүкті бақылау туралы барлық дерек жүйенің өзінде пайда болады. Сіз өз бетіңізбен Excel-ге экспортты қалыптастыра аласыз.
Сұрақ қою
Жауапты қабылдап алғыңыз келетін e-mail :
Қызықтыратын сұрақ:
* Суреттегі кодты енгізіңіз:
Беттің жоғары жағына Беттің жоғары жағына
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
Дмитрий Фёдоров, тел.: +371 29 411 144, skype